Қарағанды қаласының бірнеше жолында қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңірде күннің кұрт бұзылуына (қар, қатты жел, жолдың көрінбеуі) байланысты 15 ақпан күнгі сағат 04:40-тан бастап «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» күре жолының учаскесінде (Қарағанды қаласы-Қарқаралы қаласының 17-217 шақырымдары) көліктің барлық түрлері үшін жол жабық.
Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына (қар, қатты жел, жолдың көрінбеуі) байланысты 15 ақпандағы сағат 04:30-дан бастап «Екатеринбор-Алматы) күре жолының учаскесінде (Теміртау қаласы-Қарағанды қаласы, 1446-1457 шақырымдар) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.