Нұр-Сұлтан қаласында қолайсыз ауа райынан әуе рейстері кешігіп жатыр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шәлекенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан 10 ұшып шығатын және 7 ұшып келетін әуе рейсі кешіктірілді. Жолаушылардан әуе рейсі туралы ақпаратты колл-орталыққа хабарласып немесе әуежайдың анықтама бөлімінен білуін сұраймыз», - деді Әнуар Шәлекенов.
Еске сала кетейік, «Қазгидромет» мамандары 15 ақпан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамына сәйкес, атмосфералық ағындарға байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Еліміздің солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.