Сауда және интеграция министрлігі «Алтын Орда» базарының аумағы «ҚҰРЫЛЫС LTD» ЖШС-не тиесілі, қосалқы жалға беру иесі «Алтын Орда QazTrade Ltd» ЖШС екенін хабарлады.
Жалпы сату көлемі 218 151 шаршы метрді құрайды. Сауда көлемі орта есеппен айына 147 млн теңгеге жетеді, жүк айналымы тәулігіне 500-ден астам КАМАЗ.
Базарға күніне 8-15 мың сатып алушы келеді.
«Алтын Ордада» 5050 сауда орны бар, оларды 45 440 адам жалға алады. Жалдау бағасы орта есеппен 42,5 мың теңгені құрайды.
Аумақта «Алтын Орда» қонақ үйі орналасқан.
Сауда министрлігі нарықтың ішкі сауда ережелерінде белгіленген талаптарға сай келмейтінін, сауданың көлеңкелі айналымы орын алғанын айтты.
Ведомство нарықтың тоқтауы жағымсыз салдарға әкеп соғатынына сенімді.
«Мәселен, нарықтағы сауда мен жұмыс орындарының қысқаруы нарық қатысушыларының теріс реакциясын тудырады. Қырғызстандағы «Дордой» базарына тауарлардың өтуіне, стихиялық сауда орындарының пайда болуына әкелуі мүмкін. Жақын маңдағы базарлар үлкен тауар ағынына төтеп бере алмайды. Алматы облысында 84 базар, Алматыда 45 базар толық қамтылған» делінген министрлік хабарламасында.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне үкіметпен бірлесіп, екі айдың ішінде «Алтын Орда» базарында тәртіп орнатуды тапсырды. Президент бұл базар пайда табуда «май шелпекке» айналғанын айтты.
Үкіметтің азаматтарға берген мәліметіне сәйкес, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев «ҚҰРЫЛЫС LTD» ЖШС құрылтайшысы әрі басшысы болып тіркелген.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.