$ 448.15  483.46  4.86

Ақтөбеде «Қазақтелеком» жұмысшылары жансақтау бөліміне жеткізілді

Зардап шеккендер – 25 және 45 жастағы азаматтар.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде төтенше жағдай орын алды. «Қазақтелекомның» екі жұмысшысы кабель кәрізіндегі мұзды бу генараторымен ерітпек болған. Сол кезде бу жиналған бөшке жарылып, екеуі де ауыр жарақаттанған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.  Екеуінің де аяқ-қол сүйектері сынған, бас-ми жарақаты бар. Дәрігерлер шұғыл ота жасады.

«Бірден ота жасадық. 25 жастағы пациенттің сол аяқ сүйегі сынған. Оң аяғының ірі қантамыры жыртылған. Екінші науқастың табан сүйектері зақымданған, екі қолының сүйегі бірнеше жерден сынған. Оны бүгін травматология бөліміне ауыстырамыз ба деп отырмыз», - деді облыстық медициналық жедел жәрдем ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Ерғали Базарқұлов.

Зардап шеккендер – 25 және 45 жастағы азаматтар. «Қазақтелеком» компаниясының Ақтөбедегі филиал басшылығы зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін хабарлады. Пайдалану және даму қызметінің басшысы Ольга Керееваның айтуынша, олардың еміне қаражат бөлінеді.

Бұдан бөлек, компания қызметкерлері донорлық қан тапсыратынын жеткізді. Ал оқиғаның себебін арнайы комиссия анықтайды деді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары