16.02.2022, 17:40

Ертең «QAZAQSTAN» арнасынан Мемлекет басшысының сұхбаты көрсетіледі

Алдын ала жарияланған тизерге қарағанда сұхбат қазақ тілінде.

Ертең, 17 ақпан күні сағат 20:30-да «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпараттық порталы. 

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді", делінген Берік Уәлидің инстаграм парақшасында жарияланған ақпаратында.