Нұр-Сұлтанда деструктивті діни ағымды ұстанатын топ ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сотқа дейінгі тергеу шаралары аясында күдіктілер қамауға алынды.
"Олар сот тыйым салған діни бірлестікке қатысып, Қазақстан аумағында экстремистік әрекеттерді ұйымдастыруға адамдарды тартты деген күдікке ілінді", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Ұсталғандардың екеуі бұрын жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны және ұрлық жасағаны үшін сотты болған.
Сотталушылардың тұрғылықты жерінде тінту кезінде экстремистік бағыттағы әдебиеттер және басқа да заттай айғақтар алынды. Тергеу шаралары жалғасуда, деп қосты ҰҚК.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.