$ 446.49  475.38  4.79

18 ақпанға ауа райы болжамы

Қазгидромет 18 ақпанға арнаған ауа райы болжамын жариялады.
inform.kz
inform.kz

Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстік-батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттар қар, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын мен көктайғақ құбылыстарының болуына әсерін тигізеді. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстік-батысында тұман болжанады. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың батысында тұман түседі.

Таңертең және күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында тұман күтіледі, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, орталығында тұман күтіледі, күндіз орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысының батысында көктайғақ күтіледі. Атырау облысының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

                                                                                                        inform.kz
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары