$ 494.87  520.65  4.91

Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 296 601 жетті.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жариялады, деп хабарлайды baq.kz.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 351 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 296 601 жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 99, Алматы қаласында - 520, Шымкент қаласында – 19, Ақмола облысында – 57, Ақтөбе облысында - 10, Алматы облысында - 104, Атырау облысында - 10, Шығыс Қазақстан облысында - 64, Жамбыл облысында - 15, Батыс Қазақстан облысында - 35, Қарағанды облысында - 98, Қостанай облысында -105, Қызылорда облысында -6, Маңғыстау облысында - 0, Павлодар облысында - 96, Солтүстік Қазақстан облысында - 108, Түркістан облысында - 5.

Қазақстанда 4 107 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

 Нұр-Сұлтан қаласында - 631, Алматы қаласында - 485, Шымкент қаласында - 163, Ақмола облысында - 507, Ақтөбе облысында - 561, Алматы облысында - 250, Атырау облысында - 156, Шығыс Қазақстан облысында - 20, Жамбыл облысында – 0, Батыс Қазақстан облысында - 309, Қарағанды облысында - 142, Қостанай облысында - 155, Қызылорда облысында - 9, Маңғыстау облысында - 16, Павлодар облысында - 644, Солтүстік Қазақстан облысында - 45, Түркістан облысында - 14.

Елімізде барлығы 1 244 669 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

17 ақпандағы Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 330 732 адам, 2 - ші компонентін 8 915 188 адам салдырды.

18 ақпандағы мәлімет бойынша 39 556 адам коронавирус инфекциясынан (38 401 КВИ+ және 1 155 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 269 пациент стационарда, 34 287 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 289 адамның жағдайы ауыр, 121 пациенттің жағдайы өте ауыр, 92 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

 «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары