Мәскеуде оқ жарақатын алып, ауруханаға түскен қазақстандық файтер Бағдат Дүйсембаев осы жайтқа қатысты мән-жайды баяндады, деп хабарлайды nur.kz.
Спортшының өзінше, ол достарымен Орджоникидзе көшесіндегі спорт клубына абонемент алуға келген. Осыған дейін клуб файтерлерге картаны жеңілдік арқылы сатуға уәде берген.
Ал көлік тұрағында Дүйсембаев пен оның достарына күзетшілер келіп, спортшылардан көлік кедергі болатынын айтып, бес минуттан соң оны алып тастауды сұраған.
Алайда, абонемент сатуға тиіс болған қызметкерлер дер кезінде келе алмаған. Дүйсембаевтың сөзінше, осы уақытта күзетшілер жақындап, дөрекі түрде аумақты босатуды сұраған. Тіпті, бірі өзіне оқ жаудырған.
"Мен бір-біріміздің миымызды ашытпайық дедім. Қазір шешеміз деді. Бес минуттан соң шықты, бір жаққа кіріп, қайта шықты. Қолына тапанша алып, оқтады", - дейді файтер.
Бағдат Дүйсембаев ешкім ешкімге қоқан-лоқы көрсетпегендіктен, күзетші оқ атады деп ойламағанын айтады.
"Аспанға атып қорқытатындар көп қой. Солай қорқытпақ болды деп ойладым. Ештеңе сұрамады, сөйлемеді. Оқ жаудыра бастады", - дейді ол.
Қазір спортшы ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның кеуде тұсына тиген оқты алып тастаған. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық файтердің Ресей астанасында оқ жарақатын алғанын хабарлаған едік.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.