Жаңалықтар 18.02.2022 сағат 13:00

Көктемде 300-ге жуық елді мекен қызыл су астында қалуы мүмкін

Табиғи апатқа тап болу қаупі жоғары аймақтардың қатарында СҚО, ШҚО, Қостанай, Қарағанды облыстары, ал қауіп орташа өңірлердің қатарында Ақтөбе, БҚО, Жамбыл, Түркістан, Павлодар, Алматы облыстары бар.
Көктемде 300-ге жуық елді мекен қызыл су астында қалуы мүмкін
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Төтенше жағдайлар қызметі көктемде еліміздегі бірнеше өңірдегі елді мекендерді су басуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды"КТК" арнасы. 

Ведомствоның дерегінше, 300-ге жуық елдімекенге су басу қауіпі төніп тұр. Табиғи апатқа тап болу қаупі жоғары аймақтардың қатарында СҚО, ШҚО, Қостанай, Қарағанды облыстары, ал қауіп орташа өңірлердің қатарында Ақтөбе, БҚО, Жамбыл, Түркістан, Павлодар, Алматы облыстары бар.

Телеарнаның хабарлауынша, дегенмен бұл құтқарушылардың алдын ала болжамы ғана. Нақты дерек наурыздың басында жарияланбақ. Себебі, ақпанда әлі де қалың қар түсуі мүмкін. Қазгидрометтің дерегінше, қазір өзендердегі су жылдағы қалыптан асып тұр. Қатқан тоң мен қалың мұз да жағдайды қиындатуы ықтимал дейді мамандар. Өйткені күн күрт жылыса, еріген қар суы ауыл-аймаққа құйылмақ.

Ал құтқару қызметі апаттың алдын алуға тырысып жатқандарын жеткізді. Тіпті, бірнеше ауылда қауіпсіздік шараларын жүргізіп үлгерген.

"Өткен жылы елде су астында қалуы мүмкін мыңнан астам аймақ анықталды. Жүргізілген кешенді шаралардың нәтижесінде 150 аймақтың қауіпсіздігі күшейтілді. 340 елдімекен су басу қаупінен арылып, 385-інің қаупі орташаланды. Бүгінгі күнде су басуы мүмкін 285 елдімекен қалып тұр", - дейді ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Әмрин.

Жалпы Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, соңғы бес жылда 165 елдімекен су тасқынынан зардап шеккен. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар