$ 443.37  474.49  4.83

Республиканың бірнеше облысында боран соғады

Еліміздің солтүстік облыстарында аяз сына бастағанымен жергілікті тұрғындар боранға дайындалуы тиіс. Синоптиктер Алдағы үш тәулікте Астана мен Ақмола облысының аумағында күшті жел тұрады деп болжам жасауда.

Астанада бүгін күндізгі уақытта және 24-25 күндері қар жауып, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ақмола облысының аумағында да осындай жағдай. Қарашаның 24-25 күндері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында да қар жауып, жел күшейеді.

Айта кетейік, Қарашаның екінші жартысы Қазақстанның барлық өңірі үшін қарлы болды. Әсіресе, Алматыда айлық нормадан үш есе көп қар түсіп, тұрғындарды әжептеуір әбігерге салып қойды. Қалада қар тазалау жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, соңғы бірнеше күннен бері астаналықтарды аяз қыспаққа алды. Елордада 1 аптаға жуық уақыт ауа температурасы -30 градустан жоғарыламай, мектеп оқушылары сабаққа барудан қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары