Жаңалықтар 18.02.2022 сағат 11:40

«Президенттің сұхбатында қоғамға маңызды идеологиялық месседждер қамтылды» – Әшімбаев

Азаматтардың құқығын бұзғандар жазасыз қалмайды.
«Президенттің сұхбатында қоғамға маңызды идеологиялық месседждер қамтылды» – Әшімбаев
Фото: ашық дереккөзден
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қасым-Жомарт Кемелұлы қаңтар оқиғасынан кейін елімізде қалыптасқан жағдайға кеңінен тоқталып өтті, деп пікір білдірді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Президентіміздің «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына берген сұхбатын көріп шықтық. Мемлекет басшысы сұхбат барысында халқымызды мазалаған өзекті мәселелерге тоқталып, еліміздің дамуы мен болашағы туралы ойларын білдірді, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Азаматтардың құқығын бұзғандар жазасыз қалмайды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы қаңтар оқиғасынан кейін елімізде қалыптасқан жағдайға кеңінен тоқталып өтті. Қазір қоғамда ұсталғандарға қатысты құқық бұзушылық деректері туралы жиі айтылып жатқаны белгілі. Мемлекет басшысы бұл мәселелер бойынша бірнеше рет жиын өткізіп, нақты тапсырмалар берді. Бүгінгі сұхбатында да азаматтарымыздың құқығын қорғау және әрбір іс бойынша әділ шешім шығару аса маңызды екенін атап өтті. Президентіміз айтқандай, азаматтардың құқығын бұзғандар жазасыз қалмайды, - деді Әшімбаев.

Сұхбатта қоғамға маңызды идеологиялық месседждер де назардан тыс қалған жоқ .

Қазіргі таңда елімізде барлық салада жүйелі реформалар жүргізіліп келеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы мұндағы басты мақсат елдің әл-ауқатын арттыру, әділетті қоғам құру, олигополияны жою, саяси трансформация жасау және еліміздің экономикалық дамуын жеделдету екеніне баса мән берді. Бұл – халықтың талап-тілегі. Мемлекет басшысы төңкерісшілер осы реформаларға кедергі келтіріп, еліміздің іргесіне сызат түсіруді көздегенін айтты. Мұндай қиындықтар реформаларды шектеуге емес, керісінше оларды қарқынды жүргізуге себеп болады деп сенеміз. Сұхбаттан Президентіміздің осындай қағидаға арқа сүйеп отырғанын байқау қиын емес. Сонымен қатар, сұхбатта қоғамға маңызды идеологиялық месседждер де назардан тыс қалған жоқ. Біз бүгінде Жаңа Қазақстанды құрамыз деген жоспардың аясына топтастық. Әрине, бұл жоспар өздігінен жүзеге аспайтыны түсінікті. Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші – біздің азаматтарымыз, олардың Отанға деген адалдығы, еңбекқорлығы мен біліктілігі, - деді ол.

Президентіміз айтқандай, қазақстандықтардың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ.

 Жаңа Қазақстан – жаңа міндет, ортақ мұрат. Оған қол жеткізу үшін әрбір азамат өз саласында сапалы еңбек етуге тиіс. Қазір еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін сақтап, әрі қарай нығайту – ең басты міндет. Президентіміз айтқандай, қазақстандықтардың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ. Осы ортақ Отанымызды одан әрі дамыту және жаңарту жолында баршамыздың жұдырықтай жұмылып әрекет етуіміз аса маңызды. Құрметті достар, сондықтан елдің береке-бірлігін сақтап, сабырлық пен жауапкершілікке табан тіреп, байсалдылық танытып, бар мәселені байыппен шешуге күш жұмсауымыз қажет. Осы жолда бәріміз Президентіміздің саясатын қолдап, Жаңа Қазақстанды құруға белсенді атсалысайық, - деді ол.

                                   baq.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар