$ 498.34  519.72  4.85

«Жанкүйерлерден кешірім сұраймын»: Бейжің олимпиадасынан жүлдесіз қалған конкиші спорттан кетпек

Бүгінгі жарыста не болғанын, неліктен мұндай нәтиже көрсеткенімді білмеймін.

Бейжің қаласында өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден ел намысын қорғаған Денис Кузин спортпен біржола қоштасатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол бүгін Бейжің Олимпиадасында 1000 метрге жүгіруден сынға түскен болатын. Алайда жүлделі орындарға қол жеткізе алмады. Жарыстан кейін тілшілерге сұхбат берген ол: «Жарысқа қатысты ешқандай пікір айта алмаймын. Тек Қазақстан халқынан достарым мен таныстарымнан, бүгін маған жанкүйер болған жандардан кешірім сұраймын. Бүгінгі жарыста не болғанын, неліктен мұндай нәтиже көрсеткенімді білмеймін. Ештеңемен ақтала алмаймын. Тек өте нашар өнер көрсеткенімді білемін. Әсіресе, өз мансабымдағы ең соңғы бәсекеде. Негізі, қысқа қашықтықтар бойынша өтетін әлем біріншілігінде аяқтасам деп ойлағанмын. Бірақ өзімнің бүгінгі нәтижемнен соң спорттағы ғұмырыма нүкте қоямын деп шештім», - деді Кузин журналистерге.

Айта кетейік, Кузин 2013 жылы осы спорт түрінен әлем чемпионы атанған болатын. Бұл оның спорттық мансабындағы қатысып отырған төртінші Олимпиада ойындары.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары