$ 494.87  520.65  4.91

Семейлік зейнеткер сағат тілін бір сағат алға жылжытуды сұрап отыр

Зейнеткердің айтуынша, бұл өзгеріс адам денсаулығына пайдалы және электр қуатын үнемдеуге септігін тигізеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Семейлік зейнеткер Ростислав Польковский Шығыс Қазақстан облысындағы сағат белдеуін өзгерту – сағат тілін бір сағат алға жылжыту туралы ұсынысын аймақ басшысы Даниал Ахметовке жолдады.

Зейнеткердің айтуынша, өңір тұрғындары өз уақыт белдеуінде тұрып жатқан жоқ. Мәселен, жаздың күні кешкі сағат 21:00-де қараңғы түсе бастаса, таңғы сағат 04.00-де күн шығып кетеді екен.

Адамға пайдасы мол сәуле түсетін уақытта біз ұйқыда жатамыз. Ал, таңертең халық жұмысына шыққанда күн ысып кетеді, - дейді Ростислав Польковский.

Зейнеткердің айтуынша, уақыт белдеуін өзгерту аймақ тұрғындарының денсаулығы үшін пайдалы екен. Одан бөлек, электр қуатын үнемдеуге де зор мүмкіндік.

«Бұған Шығыс Қазақстанның миллионнан астам тұрғыны риза болады. Ал Өскемен, Алтай және басқа да қалалар мен елді мекендер бұдан да қиын жағдайда өмір сүріп жатыр. Өйткені онда күн Семейден де ерте батады», - дейді зейнеткер.

Семей қалалық мәслихат депутаты Гүлжанат Рахатқызына зейнеткердің ұсынысы облыс басшысы Даниал Ахметовке жолданғанын айтты.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары