$ 444.22  476.38  4.82

Маңғыстауда тағы бір кәсіпорын жұмысшылары Тоқаевқа үндеу жолдады – видео

Жұмысшылар айына 65-70 мың теңге жалақы алатындарын айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

 Республикалық мамандандырылған әскери апаттық қорғау қызметі орталық штабының Маңғыстау облысы бойынша "Ақ Берен" ЖШС филиалының қызметкерлері жалақыларын көтеруді талап етті.

Өрт сөндірушілер Қазақстан президенті мен облыс басшысына видеоүндеу жолдады.

Кадрда жұмысшылар айына 65-70 мың теңге жалақы алатындарын айтты (елдегі төменгі жалақы мөлшері – 60 мың теңге).

"Мұндай ақшаға күн көру мүмкін бе? Осыдан бір ай бұрын біз басшылыққа жалақыны көтеру туралы арыз жазғанбыз. Тіпті президентке де арыздандық. Алайда бізге ешкім жауап қатпады. Біз бейнеүндеу жолдауға мәжбүрміз", - дейді олар.

Өрт сөндірушілер жалақыны 300 мыңға көтеруді талап етті. Кәсіпорын басшысы 83 қызметкерінің талабына қатысты пікір білдірді.

"Мен басшы ретінде мұндай жалақыға күн көру, отбасын асыру қиын екенін түсінемін. Олардың көбі қосымша ақы үшін демалыс күндері де жұмыс істеуге мәжбүр. Мәселені шешу үшін қазір "ҚазТрансОйл" компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Кәсіпорын осы компанияның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", - деді ЖШС басшысы.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары