Алматының полиция қызметкерлері «Медеуге» барар жолдан қару-жарақ пен граната тауып алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қару-жарақ жасырылған орын Алматы қаласындағы ЛА-155/18 ҚАЖД ғимаратының қызметкерлеріне белгілі болды.
«Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ұсталған, қамауға алынған азаматтардан қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жасырылған орны туралы ақпарат алынды. Ол қаланың криминалдық полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Мекемеміздің жедел бөлімінің қызметкерлері КПБ және Медеу аудандық Полиция басқармасындағы әріптестердің көмегімен Медеу трактіне апаратын орман белдеуінде жасырын қойманың орналасқан жері анықталды. Бұдан шығатыны, күдіктілер қару-жарақ пен оқ-дәрілерді әшкере болмай тұрып жасырып үлгерген. Бір қызығы, қаскөй қару-жарақ жасырылған жерді жылдам табу үшін жанындағы ағашқа із қалдырған. Негізі біз сол арқылы таптық», – деді Алматы қаласы бойынша ЛА-155/18 ҚАЖД мекемесі бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Азамат Аманжолов.
Қару-жарақ пен оқ-дәрі шүберекпен оралған. Тергеу-жедел тобымен револьвер, шолақ мылтық, патрондар, гранаталар, түтін гранаталары тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіме (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қозғалған қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді. Табылған заттың тиесілілігі сот-баллистикалық сараптама арқылы анықталады.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.