Атырауда мектеп оқушысы мұғаліміне анасының ішімдік ішетінін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz
15 ақпан күні қала аумағында орналасқан мектептердің бірінің 7-сынып оқушысы мұғаліміне анасының ішімдік ішетінін айтып шағымданған.
Осыған байланысты Атырау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері білім беру ұйымының қызметкерлерімен бірлесіп, аталған оқушының үйін тексеруге барған. Бұл уақытта жасөспірім қыздың 47 жастағы анасының мас күйде екендігі анықталды. Оған медициналық сараптаманың “жеңіл дәрежелі” масаң күйде деп берген қорытындысы дәлел.
Бұл жағдай бұрын да 47 жастағы әйел адамның тарапынан бірнеше рет қайталануына байланысты, балаларының тәрбиесімен айналыспағаны үшін әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Одан бөлек, азаматшаға қатысты жинақталған іс-құжаттар Атырау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолданатын болады, - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.