$ 523.58  549.71  5.01

Елордада құрылыс краны құлады: бір адам қаза тапты

Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Салдарынан бір қызметкер қаза тапты. 

"Тұран даңғылы, 89/А мекенжайындағы кранның құлауы бойынша ҚР ТЖ министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті тергеу жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша мұнара кранының құлауының себептері мен жағдайлары анықталады. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар Нұр-Сұлтан полиция департаментіне жолданатын болады", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Нұркеновтің тапсырмасы бойынша ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың техникалық талаптарға сәйкес келмейтін мұнара крандарын тексеру жөніндегі мамандарының комиссиясы құрылады.

Сонымен қатар, елордалық полицияның баспасөз қызметі бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 277-бабы "құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары