$ 443.37  474.49  4.83

Нығматулиндер бар дүниесін сатып, Лондонға аттанды

Мәжілістің экс-спикерімен бірге оның жақын туыстары да шетел асқан.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин шетелге аттанды. Бұл туралы Haqnazar Arnasy жариялады. Нұрлан Нығматулин жақындарымен бірге Лондонға кетті, деп хабарлайды «Адырна»  ұлттық порталы.

Желіде Нұрлан Нығматулиннің Лондонға кеткені туралы хабар тарады. Мәжілістің экс-спикерімен бірге оның жақын туыстары да шет ел асқан.

«Нығматулиндер отбасына тиесілі барлық нысандар мен бизнестер сатылымға шығарылды», — деп жазды Haqnazar Arnasy telegram-да.

Нұрлан Нығматулин бұған дейін лауазымды қызметтер атқарған. Ол елорда әкімінің орынбасары, көлік және коммуникация вице-министрі, президент әкімішілігінің басшысы, Қарағанды облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Президент әкімшілігі басшысы, Мәжіліс төрағасы секілді лауазымды қызметтерді атқарды. Ол ҚР Парламенті Мәжілісінің үш шақырылымында төраға болып, осы қызметте 10 жыл бойы жүрді.

Нұрлан Нығматулиннің сынары Ерлан Нығматулин 18 жыл депутат болған. 1999-2011 жылдары Мәжіліс депутаттығына сайланса, 2012-2017 жылдары президент жарлығымен Сенат депутаттығына тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағалығынан Нұрлан Нығматулиннің кеткені туралы жазған болатынбыз. Ол соңғы рет бұл қызметке 2021 жылдың қаңтар айында бекітілген.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары