$ 441.66  475.14  4.86

Бейжің Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы медальсіз қалды

Бүгін Қазақстан құрамасы Бейжің Олимпиадасындағы сайысын тәмамдады.
Sputnik.kz
Sputnik.kz

Қазақстандық спортшылар арасында Олимпиадада конькиші Абзал Әжғалиев қана үздік нәтиже көрсетті. Отандасымыз шорт-тректе төртінші орын иеленді. 
 

Бүгін Қазақстан құрамасы Бейжің Олимпиадасындағы сайысын тәмамдады. Соңғы болып өнер көрсеткен конькишілер Надежда Морозова масс-стартта 14-ші орынға тұрақтаса, оның күйеуі Дмитрий мәрені 19-шы болып аяқтап, финалға өте алмады.

Шаңғы марафонында қазақстандық спортшы Евгений Величко 43-ші нәтиже көрсетті. Айта кетері, марафон қолайсыз ауа райына байланысты 30 шақырымға дейін қысқарған еді.

Дүбірлі додада шорт-трекшілер ғана ТОП-6 қатарына кірді.

Құрамында Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова және Яна Хан болған Қазақстан құрамасы аралас эстафетада бесінші орыннан көрінді. Ал кейін Абзал 500 метрді төртінші болып аяқтады.

Осылайша құраманың ту ұстаушысы Әжғалиев Бейжің Олимпиадасы үшін мемлекеттік бюджеттен $40 000 сыйақы, ал қалған шорт-трекшілер 10 000 доллардан алады.

                           Sputnik.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары