Алматы облысындағы тауларда ер адамның қар көшкінінде қалғаны туралы видео қазақстандықтардың есін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы тауларда қар көшкінінде қалып қойған шаңғышы туралы видео тарады. "Ақ Бұлақ" курортының әкімшілігі шаңғышы зардап шекпегенін мәлімдеді.
"Олар алдын ала дайындалған адамдар. Қар көшкінінің алдын алу шарасын жасағаннан кейін сырғанау аймағында көшкін болған жоқ. Қауіпсіздік үшін арнайы мамандарды шақырамыз", - деді курорт өкілдері.
Курорт өкілдерінің сөзінше, видеодағы адамдар аман.
Курорт әкімшілігі қар көшкіні кезінде бес адам жұмыс істегенін айтады.
"Олардың арқасында маусым ұзағырақ болады, олар өте жақсы көмектеседі. Бәрін тегін жасайды", - деді "Ақ Бұлақ" өкілдері.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.