$ 448.15  483.46  4.86

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы қазақстандық фильм Берлиналеде бас жүлде алды

Сценарийін журналист Әсем Жапишева жазды, режиссер – Асқар Ұзабаев, продюсері – Баян Мақсатқызы.
Inform.kz
Inform.kz

 «Бақыт» қазақстандық көркем фильмі 72-інші Берлин халықаралық кинофестивалінің (Берлинале) «Панорама» секциясында бас жүлде алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сценарийін қазақстандық журналист Әсем Жапишева жазды, режиссер – Асқар Ұзабаев, продюсері – Баян Мақсатқызы. 

«Панорама» секциясы – негізгі конкурстан кейінгі салмақты жүлде және ол 80-інші жылдары енгізілген. Бұл конкурстың қазылар алқасы киноиндустрияның кәсіпқой мамандарынан емес, шынайы көрермендерден құралған. Олар картинаны көруді аяқтағаннан кейін бірден дауыс береді. 

Биыл коронавирусқа байланысты шектеулерге қарамастан, «Панорама» секциясына енген фильмдерді 20 мыңнан астам адам көрген. Биыл 72-інші Берлин халықаралық кинофестивалінің аталмыш секциясына 33 елден барлығы 29 картина қатысты. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы баяндайтын «Бақыт» фильмі көрермендер мен халықаралық БАҚ тарапынан көптеген жылы лебіз жинаған. Себебі үйдегі озбырлық Қазақстанда ғана емес, бүтін әлемде өткір тұрған мәселе. Сценарий авторлары Әсем Жапишева мен Асқар Ұзабаев материалдарды жете жинақтап, фильм шынайы оқиғаларға негізделіп түсірілді. 

«Берлинале жүлдесі – бұл шындыққа айналған менің арманым. Менің ең асқақ тілегім – қоғамның, мемлекеттің және заңның әйелдерге деген қатынасын өзгерту. Бұл – менің миссиям», - деді продюсер Баян Мақсатқызы. 

Картинада Қазақстанның шағын қаласында өмір сүріп жатқан отбасы туралы, ұзақ жылдарға созылған тұрмыстық зорлық-зомбылық пен махаббатсыз өмір жайында баяндалады. Күйеуі, әйелі мен олардың бойжеткен қызы – үш негізгі кейіпкер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бар мұңын, ауыртпалығын көрсетеді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары