$ 494.87  520.65  4.91

Қырғыз депутаты балаларының қазақша сөйлеп кеткеніне ашулы

Қырғызстанның Жоғорғы Кенешінің депутаты Нұржігіт Қадырбеков қыздарының қазақша сөйлейтініне шағымданғаны туралы ақпарат тарады.
orda.kz
orda.kz

Қырғызстанның Жоғорғы Кенешінің депутаты Нұржігіт Қадырбеков «Балапан» арнасының кесірінен қыздарының қазақша сөйлейтініне шағымданғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды orda.kz.

Депутаттың айтуынша, мұндай келеңсіздікке қыздарының қазақ тілінде ақпарат тарататын «Балапан» телеарнасын күнделікті қарайтыны себеп болған. Осының нәтижесінде қырғыз депутатының қыздары көрші мемлекеттің тілін жетік меңгеріп үлгерген.

«Ал біздің «Баластан» арнасының жарты шығарылымы орыс тілінде. Балаларымыз мемлекеттік тілді жетік білуі үшін бұл арнаны толық қырғыз тіліне көшіру керек», – деді ол.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары