Семей қаласының №2 соты қызметтерін асыра пайдаланып, мәйттің шотындағы ақшаны ұрлағаны үшін құқық қорғау органының бұрынғы төрт қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Arnapress.kz порталына сілтеме жасап.
2020 жылы қараша айында 27 жастағы ер адамның мәйіті қала тұрғын үйлерінің бірінде табылған болатын. Денеде көптеген көгерулер мен соққы белгілері анықталды. Кейін марқұмның шотынан 120 мың теңге қаражат полиция орталық бөлімінің жүргізуші қызметкерінің досына жіберілген.
Оқиға кезінде марқұмның әйеліне күйеуінің шамадан тыс дозада есірткі қабылдағаннан қайтыс болғаны туралы хабарланған.
Арада бір жыл өткен соң полицейлердің ақша алу фактісі расталды. Алайда қаза тапқан дененің қолында инекция ізі табылғандықтан, оның өліміне құқық қорғау қызметкерлерінің қатысы барына дәлел табылмады.
Сот баспасөз қызметінің мәліметінше үш полицей қызметкеріне өз өкілеттілігін асыра пайдаланды және ұрлады деген айып тағылған. Біреуі көмектескені үшін жауапқа тартылған. Жедел уәкіл С, криминалист Р. және Н. 2020 жылғы оқиға кезінде жәбірленушінің ұялы телефонын өздеріне алып, хаттамаға енгізбеген.
Прокурор соттан С., Р., Н-ді алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, ал олардың көмекшісі К-ге ерекше жеңілдететін жағдайын ескере отырып, бес жылға бас бостандығын шектеуді сұрады. Жәбірленуші тарап полицейлерге барынша қатаң жазаны беруді өтініп, көмектескен К-ні бас бостандығы жазасына кеспеуін сұраған.
Сот шешімі бойынша айыпталушылардың барлығы мемлекеттік қызмет атқару құқығы мен арнаулы атақтардан өмір бойына аластатылып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.