Жаңалықтар 20.02.2022 сағат 00:41

19 жастағы қыз лауазымды қызметке тағайындалды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 19 жастағы қызы Хутмат жоғары лауазымды қызметке ие болды.
19 жастағы қыз лауазымды қызметке тағайындалды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 19 жастағы қызы Хутмат жоғары лауазымды қызметке ие болды, деп хабарлайды РИА Новости. 

Басылымның мәліметінше, Шешенстанның ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев әлеуметтік желіде Қадыровтың қызының лауазымды қызметке тағайындалғанын хабарлады.

"Шешенстан Республикасы тұңғыш президентінің немересі Хутмат Қадырованы Шешенстан Республикасы басшысының хатшылығы жетекшісінің орынбасары қызметіне тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймын. Ол бірнеше рет әртүрлі салаларда жоғары жетістіктерді көрсетті.

Хафиз деген биік атақтың иесі бола отырып, ол өзін нағыз мұсылман, шешен халқының нағыз қызы екенін дәлелдеді. Хутмат Рамзанқызы өзіне сеніп тапсырылған қызметті абыроймен атқарып, республика игілігі үшін қызмет ететініне күмәнім жоқ", - деді Дудаев. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар