$ 494.87  520.65  4.91

«Донецк пен Лугансктың ер азаматтарын әскерге күштеп алып кетіп жатыр» – жергілікті басылым

Жергілікті тұрғындар «мұнда ешкім соғысқысы келмейді» деп желіде жазып жатыр.
orda.kz
orda.kz

Донецк және Луганск Халық Республикасының ер азаматтарын «Отанды қорғау үшін» жиналуға мұрша берместен үйлерінен алып кетіп жатыр. Бұл жөнінде Донбас.Реалии хабарлады.

Жергілікті тұрғындар «мұнда ешкім соғысқысы келмейді» деп желіде жазып жатыр. Жергілікті милиция өз кезегінде үйлерді аралап, әскер жасындағы азаматтарды алып кетіп жатқан көрінеді. Сонымен қатар, тұрғындарға хабарламалар жіберіп, оларды «Отанын қорғауға шақырып жатыр». Донецкте әскери шақыру қағаздарын үйді-үйге таратып жатыр. 20 ақпаннан бастап Луганск көшелерінде жұмылдыруға шақыратын жазба тарататын машина іске қосылды.

«Ер азаматтарды күштеп алып кетіп жатыр. Тельмановтағы барлық жігітті алып кетті. Базардағы әйел жаңа ғана айтты. Барлығын. Кәмелет жасқа толмаған баланы қамқорына алған адамды Донецктегі пәтерінен алып кеткен, біздің танысымыз. Бізге де тексерушілер келіп, көршіміз туралы сұрады. Құдайға шүкір ол үйінде жоқ. 15 жастағы баласы үйде жалғыз қалды. Бірден УАЗикке салып кетіп жатыр. Үлгергендер киім-кешегін алыпты, бар естігенім осы. Меніңше әркімнің жағдайы қазір әртүрлі болып тұр. «Адами фактор». Бұл жерде ешкім военкоматқа баруға, я соғысуға ниетті емес» дейді басылымның дереккөзі.

Мойындалмаған ЛХР және ДХР республикалары 18 жастан 55 жасқа дейінгі ер адамдарға шығуға елден тыйым салды.

                                                                                                  orda.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары