$ 495.2  522.34  4.94

Ауруханада берілген тоқаштан тышқан шықты

Дереккөзге сүйенсек, тышқан балаларға берілген тамақтан табылған.
Кенжегүл Тергембайдың  facebook парақшасынан
Кенжегүл Тергембайдың facebook парақшасынан

Нұр-Сұлтан қаласы Тұран көшесі, 36 үйде орналасқан Республикалық балаларды оңалту орталығында балаларға берген ас-ауқаттан (тоқаштан) тышқанның баласы шыққан. Бұл туралы журналист, қоғам белсендісі Кенжегүл Тергембай өзінің facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды Skifnews.kz. 

"Сол жерде жатқан бір ана уланып, жұқпалы аурулар ауруханасына жөнелтілген. Ата-аналар тағам сапасының өте нашар екенін айтып шағымдануда! Өткен жолы сасып кеткен катлет берген. Онда қойшы, олар да бір-бір отбасын асырап отырған қызметкерлер ғой деп шағымданбағанбыз. Мынау енді шектен шыққандық!"-дейді шағымданушы ана.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тамақ #тышқан