22.02.2022, 11:00

Алматы әкімдігі «қаңтар оқиғасы» фильмінің түсіріліміне қатысты пікір білдірді

Фото: Tengrinews.kz
Оқиға 20 ақпанда түс ауа Тоқтабаев пен Сүлейменов көшелері қиылысында болған.

Алматы әкімдігі "қаңтар оқиғасы" фильмінің түсіріліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға 20 ақпанда түс ауа Тоқтабаев пен Сүлейменов көшелері қиылысында болған. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік Желіге жариялаған. Кадрларда ер адамдардың айғайлаған дауысы естіледі. Кейін бір топ ер адам жол бойымен жүріп, түрлі ұрандар айтып, кейін әр жаққа тарай бастайды. Тағы бір топ ер адам тротуарда әскери киім киген адамды ұрып-соғып жатыр. Атыс пен жарылыс дыбыстары да естілді.

Видеоның сипаттамасында бір апта бұрын осы жерлерде алдағы күндері түсірілім жұмыстары болатыны туралы парақшалар ілулі тұрғаны, бірақ жауапты тұлғалардың қолдары мен аты-жөндері жоқ екені айтылған.

"Бүгін көшенің айналасында патрульдік көліктер, өрт сөндірушілер және қарапайым тұрғындарды тыныштандыратын адамдар болған жоқ. Адамдар қорққандарынан қарсы жолаққа шығып, түрлі жол қозғалысы ережелерін бұзып жатыр. "Сергек" камералары ілініп тұр. Көше бойымен ары-бері өткен үлкен кісілер, балалар, қарапайым тұрғындар үрей үстінде. 

Мұндай түсірілімдерді алдында болған оқиғалардан кейін тұрғындарды шошытпай, жолдың толығымен қоршалған бөлігінде, адамдарға хабарлау арқылы жүргізу керек емес пе? Тым болмаса жолдарды жауып тастауы керек емес пе?", - дейді куәгер.

"Kultburo жеке компаниясы "Хабар" телеарнасының тапсырысы бойынша 13 ақпанда "қаңтар оқиғасы" тақырыбында әлеуметтік ролик түсіруге рұқсат беруді сұрады. Осы хат бойынша Қоғамдық даму департаментінің мамандары хат авторларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кейін түсірілімге рұқсат берілмейтіні хабарланды. Дәл осындай жауапты полиция департаментінен де алды берді. Алайда біздің рұқсат бермегенімізге қарамастан, 20 ақпанда Cultburo компаниясы видео түсірген", - деп хабарлады әкімдік.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.