$ 498.34  519.72  4.85

БҚО-да 6 жасар қызды зорлады деген күдікті өзінің педофил екенін мойындады

Батыс Қазақстан облысында бірінші сынып оқушысын зорлады деп айыпталып жатқан күдікті өзінің педофил екенін мойындады. Бқл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Өзіне тағылған айыптармен келісіп, қылмысты мойындағандықтан іс сотқа жіберілген. Енді күдікті 15-20 жыл аралығында бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Ал, 6 жасар жәбірленген қыз болса 3 күн ауруханада ем қабылдағаннан кейін үйіне жіберілген. Оның жағдайы жақсы дейді дәрігерлер.

Естеріңізге салайық, кішкентай қызды зорлады деген күдікпен ер азамат қараша айының басында ұсталған болатын. Оқиғаның өзі болса 26 қазанда Жәнібек ауданындағы елдімекендердің бірінде орын алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары