22.02.2022, 12:00

Утильалым мөлшерлемесі қашан жарияланатыны айтылды

Фото: ашық дереккөз
Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап берген Брекешев утильалым мөлшерлемесі төмендегеннен кейін көліктер арзандай ма, жоқ па деген сұраққа нақты жауап бермеді.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын қайта өңдеу төлемінің жаңа мөлшерлемесі қашан жарияланатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап берген Брекешев утильалым мөлшерлемесі төмендегеннен кейін көліктер арзандай ма, жоқ па деген сұраққа нақты жауап бермеді.

"Мөлшерлеме мәселесіне келсек, ертең (23 ақпанда) автокөлік және ауылшаруашылық техникаларына тарифтер жарияланады. Ал аударылған ақша бойынша, ақпарат бәріне белгілі. "ӨКМ операторының" есепшоттарында, "ӨКМ операторының" ЕДБ шоттарында шамамен 220 миллиард теңге бар. Ол қаулы бойынша, "Жасыл Даму" АҚ-қа бірілген", - деді Серікқали Брекешев.

Ол ақшаның қанша бөлігі жеңілдетілген автонесиеге бөлінетінін айта алмады.

Еске салайық, 19 қаңтарда Үкімет "ӨКМ Операторы" ЖШС-ға қатысты қаулы қабылдады, онда кәдеге жарату төлемі есебінен құрылған активтерді мемлекет меншігіне алу туралы шешім қабылданды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.