$ 446.49  475.38  4.79

Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Мунгиямен жекпе-өткізетін болды

Сондай-ақ, қос тарап 10 күн ішінде келісімге келуі керек.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) 22 ақпан күні ресми шешім қабылдап, орта салмақта уақытша әлем чемпионы атағы үшін Жәнібек-Мунгия жекпе-жегін міндетті етті деп хабарлады inform.kz.

WBO шешіміне сәйкес, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0-0, 7 KO) мен мексикалық боксшы Хайме Мунгия (39-0-0, 31 KO) орта салмақта уақытша әлем чепмионы атағы үшін жұдырықтасады.

Сондай-ақ, қос тарап 10 күн ішінде келісімге келуі керек. Егер боксшылардың командасы ортақ шешімге келе алмаса, жекпе-жек WBO ережесіне сәйкес бәс саудаға салынады және ең төменгі сома 200 мың доллар көлемінде белгіленген.

WBO ұйымы міндетті жекпе-жек туралы хабарламаны екі боксшының промоутерлеріне ескерткен.

Айта кетейік, Жәнібекте WBO Global титулының иегері, атақты промоутер Боб Арумның Топ Ранк компаниясымен келісімшарт бар. Ал орта салмаққа жақында ауысқан Golden Boy промоутерлік компаниясының боксшысы Хайме Мунгия WBO Inter-Continental титулының иегері.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары