$ 494.87  520.65  4.91

Air Astana Украинаға қатынайтын рейстерді тоқтатуы мүмкін

Әуе компаниясы екі ел арасында қатынау альтернативті бағытта орындалатынын хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Air Astana Украинадағы жағдайды мұқият қадағалауда және рейстерді шұғыл тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әуе компаниясы екі ел арасында қатынау альтернативті бағытта орындалатынын хабарлайды.

«Киевте біздің отандастарымыз және Қазақстанда өз еліне оралғысы келетін Украина азаматтары бар болғандықтан Air Astana екі ел арасында қатынауды жалғастырып келеді.

Қауіпті аумақты ұшып өту үшін Air Astana Қазақстан мен Украина арасындағы ұшуларды альтернативті бағыт бойынша орындайды. Бұл Атырауда техникалық аялдау және Киевке кейінірек ұшып келу мен ұшып кетуге әкеп соғады. Рейске тіркелген жолаушыларға жаңартылған кесте туралы SMS хабарландырулар жіберіледі. Алматы мен Нұр-Сұлтаннан ұшу уақыты өзгермейді. Жолаушылардан жаңартулар туралы airastana.com сайтында қарауды сұраймыз», - делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Ресей Президенті Владимир Путин Донбасс және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындап, олардың аумағына өз әскерін енгізді. Украина мен Ресей арасындағы бұл шиеленіс халықаралық күн тәртібіндегі ең маңызды оқиғаға айналып отыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары