Жаңалықтар 23.02.2022 сағат 21:30

Әбдіжаппар Әлқожа ұлдарының тойына АҚШ-тан акула алдыртып сойған

Әбдіжаппар Әлқожа ұлдарына арнап жасаған тойда қонақтарға акуланың етінен жасалған тағам ұсынған.
Әбдіжаппар Әлқожа ұлдарының тойына АҚШ-тан акула алдыртып сойған
Фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әбдіжаппар Әлқожа ұлдарына арнап жасаған тойда қонақтарға акуланың етінен жасалған тағам ұсынған. Әнші жыртқыш балықты арнайы АҚШ-тан алдырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айбат" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Белгілі аспаз Бағдат Қадыров шетелден арнайы тапсырыс беріп алдырған акуланы сойып, етін бұқтырып, қонақтарға қызыл балық етімен қоса тартыпты. 

Аспаздың айтуынша, акула арнайы АҚШ-тан жеткізілген. Келісі 15 мың теңге тұрады. Сондай-ақ Әбдіжаппар досы болғандықтан, одан ас мәзірін дайындағаны үшін ақша алмапты. Дастархан шамамен 400-ден астам қонаққа жайылған.

Бағдат Қадыров кезінде Елбасыға да бір-екі мәрте тамақ тайындап бергенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Әбдіжаппар Әлқожаның 30 мың адамға көкпар беріп, дүркіретіп той жасағанын жазған едік. Әнші қос ұлын сүндетке отырғызған. Ол 2 ақпанда инстаграм парақшасына көкпарға шақырту жарнамасын жүктеген. Тойдың салым қоры деп – 10 млн теңге, 5 автокөлік, 5 түйесі бар 9 ірі қара мал деп көрсетілген.

Ал аспаз Бағдат Қыдыров жүлдеге тігілген көлік санының 10-нан асқанын хабарлады. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар