24.02.2022, 03:30

«Мектептегі оқушылар «тас дәуіріндегі» партада отыр» – депутат

orda.kz
Алматы облысында іссапармен жүрген Мәжіліс депутаты Алты үй ауылындағы мектептің жағдайы нашар екенін жеткізді.

2024 жылы ұлы суретші Әбілхан Қастеевтің туғанына – 120 жыл болады. Тұрғындардың өтініші бойынша депутат Жанарбек Әшімжан мектеп жағдайымен танысып қайтты.

Алматы облысында іссапармен жүрген Мәжіліс депутаты Алты үй ауылындағы мектептің жағдайы нашар екенін жеткізді.

– Тұрғындардың өтініші бойынша қылқалам шеберінің алтын бесігі Панфилов ауданы Алты үй ауылындағы Ә.Қастеев атындағы мектептің жағдайымен арнайы барып таныстық. Ашығын айту керек, білім ошағының бүгінгі жай-күйі адам аярлық… Бұл ауылға жаңа мектеп салу керек, қолданыстағы 730 бала оқитын мектеп қабырғасы сетінеп, қираудың аз-ақ алдында тұр… Шәкірттер «тас дәуіріндегі» партада отыр, – деп жазды депутат Facebook парақшасында.

orda.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.