$ 441.44  473.09  4.75

Харьков, Одесса, Киев қалалары зымыран соққысының астында қалды

CNN-нің Харьковтегі журналисі жарылыстарды естіп жатқанын хабарлады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Украиналық және оқиға орнындағы дүниежүзілік БАҚ журналистері Киев пен Харьковте жарылыстар естіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

CNN-нің Харьковтегі журналисі атыстарды естіп жатқанын хабарлады.

"Кларисса Уорд өзі жүрген аймақ - Харьковте атыс даусын естіп жатқанын айтты", - деп жазды CNN тілшісі Наташа Бертранд Twitter желісіндегі парақшасында.

Одан бөлек, украиналық БАҚ-тар Киев, Краматорск, Одесса, Харьков, Бердянск, сонымен қатар, Киевтегі Борисполь әуежайы аймағында атыс естіліп жатқанын айтты.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары