$ 443.85  474.3  4.8

Утилизациялық алымның жаңа мөлшері қашан қабылданатыны белгілі болды

Экология министрлігі қалдықтарды басқару бойынша мемлекеттік саясат департаментінің директоры Мансұр Ошурбайдың айтуынша, алдымен утилизациялық төлемді есептеу әдістемесіне өзгеріс енгізу керек.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Экология және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері утилизациялық алымның жаңа тарифтері қашан бекітілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Экология министрлігі қалдықтарды басқару бойынша мемлекеттік саясат департаментінің директоры Мансұр Ошурбайдың айтуынша, алдымен утилизациялық төлемді есептеу әдістемесіне өзгеріс енгізу керек. Одан кейін мемлекеттік органдардың қарауына жіберіледі. Ең соңында тиісті құжат бекітіледі.

"Кешеден бері тиісті жұмыс басталды. Мен нақты датасын айта алмаймын. Алайда бұл өзекті мәселе екенін бәріміз білеміз. Оны барынша тездетіп шешу керек. Мемлекеттік органдар мен бірқатар сараптамалар бойынша, соның ішінде жемқорлыққа қарсы және ғылыми сараптаманың қорытындысын алып, барлық органдардың келісімін аламыз деп ойлаймын. Одан кейін әділет министрлігіне тіркеу үшін жібереміз. Сондықтан жақын арада барлық төлем бекітіледі деген үміт бар", - деді Ошурбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев 1 мамырға дейін нақты дедлайның бар екенін жеткізді.

"Соған дейін барлық жұмысты бітіруіміз керек. Алайда одан да тез жасаймыз деп ойлаймын. Бәлкім, сәуірдің ортасы немесе басы болады", - деп атап көрсетті Қарабаев.

Еске сала кетсек, автокөліктің барлық түрі және ауыл шаруашылығы техникасы бойынша утилизациялық алым мөлшері 50 процентке төмендетіліп отыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары