$ 498.34  519.72  4.85

«Назарбаев ескерткіші қайта тұрғызыла ма?» – Бозымбаевтың жауабы

Тұңғыш Президент ескерткіші қаңтар қақтығысы кезінде тұғырынан құлатылған.
ulysmedia.kz
ulysmedia.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін Талдықорғанда қалпына келтіру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ, деді Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев брифинг барысында.

«Ескерткіш қалпына келтірілмейді және бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ», - деді Бозымбаев бейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында , деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Сонымен қатар, ол қаңтар трагедиясы оқиғаларының хронологиясы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Жаппай наразылықтардың алғашқы күндерінде мен халыққа шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастадым. 4 қаңтарда кешке бір сағат ішінде мен наразылық білдірушілерден менің кабинетіме баруды, барлық проблемалық мәселелерді сындарлы талқылауды өтіндім. Түнгі сағат 3-ке дейін наразылық білдірушілердің 30% үйлеріне қайтты. Дау-дамайлар да, ант сөздер де болды, адамдар ашуланып, айқайлады, бірақ менің ойымша, ең бастысы – сол күні қан төгілмеді, митинг тыныш аяқталды. Түнгі сағат екіде халық үйлеріне тарап кетті», - деді облыс әкімі.

Алайда, аймақ басшысының айтуынша, 5 қаңтарда жағдай басқаша өрбіді. Тәртіпсіздікке 500 – ге жуық қатысқан. Олардың көпшілігі жастар, әкімшілік ғимараттарды қиратып, өртеп, тонау басталды.

«Мен облыстың әр ауданы мен қаласының әкімдерімен келіссөздер жүргіздім, ҰҚКД басшылығымен бірге арнайы штаб құрдық, оның құрамына полиция, Ұлттық Ұлан және басқа да ведомстволар қызметкерлері кірді. Мен ішкі істер министрлігімен келіссөздер жүргізу үшін Нұр-сұлтанға ұшып кеттім, біз Астанадан күшейтуді сұрадық, облысқа арнайы күштер келді, терроризмге қарсы арнайы операция басталды. Осы үйлесімді іс - қимылдардың нәтижесінде тәртіп қалпына келтірілді», - деп түйіндеді Бозымбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Тұңғыш Президент ескерткіші қаңтар қақтығысы кезінде тұғырынан құлатылған. Ал осыған қатысы бар күдікті азаматтардың бірі – Азамат Батырбаевты азаптау үлкен резонанс тудырды және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарын аударды. Азаптау фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары