Украинадағы Қазақстан азаматтары Польша арқылы елге қайтарылады, деп хабарлады Украинадағы Қазақстан елшілігі.
"25-26 ақпанында "Air Astana" әуе компаниясы Қазақстанның азаматтары үшін репатриация рейсін жүзеге асыру жоспарлануда. Аталған рейс Катовице қаласынан (Польша) жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Елшілік мәліметінше, Қазақстан азаматтары үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз "жасыл дәліз" қамтамасыз етіледі.
Азаматтардан мүмкіндігінше 26 ақпанда Львов қаласына келу сұралды.
Қабылдау пункті - Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы болып табылады, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.