$ 494.87  520.65  4.91

Украинадағы қақтығыс: Қазақстан үкіметі арнайы іс-қимыл жоспарын әзірледі

Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарын дереу жүзеге асыруға кірісті.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстан үкіметі ұлттық банкпен бірлесіп дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірледі.
 
"Украинадағы оқиғаларға байланысты шұғыл әрекет ету мақсатында үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарын дереу жүзеге асыруға кірісті. Ол жағдайдың Қазақстанға тигізуі мүмкін әлеуметтік-экономикалық салдарына қарсы бағытталады", - делінген ресми хабарламада.
Жоспар үш бағытта іске асырылады:
 
  • инфляцияны бақылау және валюта нарығындағы тұрақтылықты сақтау;
  • жұмыспен қамтуды қолдау және жаңа жұмыс орындарын құру;
  • кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шаралар.
Мәселен, қаржы нарығының тұрақтылығын және теңгемен ашылған депозиттердің тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында бюджет есебінен сыйақы төленеді. Осылайша, теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырылады.
 
Ал халықтың әл-ауқатын арттыру міндеттерін іске асыру бойынша ең алдымен ауылдық елді мекендерге, моно- және шағын қалаларға, елорда мен республикалық маңызы бар қалалар төңірегіне баса назар аударылады.
 
Ол үшін биыл "Ауыл – Ел бесігі" жобасы, Өңірлерді дамытудың кешенді жоспары және басқа да бағдарламалар аясында республикалық бюджеттен 200 миллиард теңгеге дейінгі қаражат бөлінеді.
 
"Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді айналымға қосымша тарту арқылы ауыл шаруашылығы кооперациялары мен отбасылық шаруашылықтарды дамыту үшін жағдай жасалады", - дейді мамандар.
Ал өндіріс саласында мемлекеттік қолдаудың негізгі бөлігі өнімділігі жоғары кәсіпорындарды технологиялық жаңғыртуға және дамытуға арналады. Ел экономикасын индустрияландыру және инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы импорттық тауарларды алмастырудың маңызы зор. Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындарға өз жұмыскерлерінің еңбекақысын, соның ішінде еңбек өнімділігін ұлғайту бойынша нақты міндеттер қойылады.
 
Осыған орай, биыл "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасын, атап айтқанда, кредиттерді субсидиялауды және кепілдендіруді қаржыландыру едәуір ұлғайтылады. Бұдан басқа, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру мақсатында субсидиялау жүйесінің жаңа тәсілдері әзірленеді.
 
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін ұлғайтуға және қайта тереңдете өңдеуге бағытталған жобаларға басымдық беріледі. Жылдың соңына дейін басым салаларда мемлекеттік органдардың 420-дан астам реттеу актісі қайта қаралады. Кәсіпкерлерге қойылатын талаптарға тексеру жүргізу басқа салалар бойынша да жалғасады. Үкімет, ұлттық банк пен "Атамекен" палатасы бағаны бақылап отырады.

sputnik.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  

 

 

 

Қазақстандағы Яндекс Go жетекшісі Байдүйсен Тайыр Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің сынына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Біз Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен байланыстамыз. Қазақстан заңдарына сәйкес барлық ақпаратты бердік. Агенттікке сервис жұмысының негізін егжей-тегжейлі баяндадық, сауалдарды жіберу үшін компаниямыздағы адресаттарды нақтыладық", – деді Байдүйсен Тайыр. Ол мемлекетік орган қабылдаған шешімге көңілі толмайтынын жеткізді. "Өкінішке қарай, осыған қарамастан агенттіктің Алматыдағы басқармасы айыппұл салуды талап етті. Мұндай шешім қабылдауға негіз жоқ деп есептейміз және одан жоғары тұрған органдарға шағымданамыз. Мұндай іс-әрекеттер Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсартуға ықпал етпейді және ел экономикасына теріс әсер етеді", – деді Қазақстандағы Яндекс Go жетекшісі. Айта кетейік, осыған дейін сенатта Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин тиісті ақпарат бермегені үшін "Яндекс.Таксиге" айыппұл салынғанын айтқан.

Толығырақ: https://inbusiness.kz/kz/last/yandeks-taksi-serik-zhumangarinnin-synyna-zhauap-berdi
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары