$ 446.49  475.38  4.79

Алматы облысында екі шенеуніктің қолына кісен салынды

Бұған дейін танымал заңгер Айгүл Орынбек Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажанов ұсталғанын хабарлаған еді.
qazweek.kz
qazweek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысында екі шенеуніктің қолына кісен салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

"Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп, Іле ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысын әшкереледі. Ол ЖШС директорынан оның нысаналы мақсатын коммерциялық объектке өзгерту мақсатында үйді пайдалануға беру актісіне қол қойғаны үшін 3 000 000 теңге сомасында пара алған.", деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті.

Ресми ақпаратқа сүйенсек,  9 ақпан күні Іле аудандық соты күдіктіге кепіл беру құқығымен 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Алайда ұсталғандардың нақты кім екені ашық айтылмады.

"Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Кеген ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысын жемқорлық фактісі бойынша ұстады. Ол 2022 жылғы 18 ақпанда Кеген ауданының жолдарын жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне, сондай-ақ объектілерді пайдалануға беру актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйымның директорынан 1 000 000 теңге сомасында пара алған.", дейді ведомствоның өкілі. 

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Дегенмен бұған дейін танымал заңгер Айгүл Орынбек Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажанов ұсталғанын хабарлаған еді. 

"Әлем соғыс үшін алаңдап отырса, әкімдер миллиондап пара алып ұсталып жатыр! Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажанов 98 500$ пара алып жатқан жерінен ұсталып, қамауға алыныпты! “VIP Story Company “ құрылыс компанисы директорынан алған екен параны!"

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары