Журналист Арман Әубәкір Facebook-тегі парақшасына қазіргі жағдайда Отаны үшін от кешіп жүрген украин қыздардың фотосын жариялады. Оның пікірінше, бұл жайт кейінгі кезде бірінен соң бірі өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуды «сәнге айналдырған» кейбір қазақ қыздарының санасына салмақ салуы тиіс деп жазды turkystan.kz.
«Қазақ жігіттерінен көңілі қалып, өзге ұлтқа тұрмысқа шығамын деп шешім қабылдаған қыздарымыз осы фотоларды көріп сәл де болса ойланар ма екен? Міне, Укрина қыздары Отан үшін құрбан болуға да әзір» деп жазды ол суреттің анықтамасын.
Бұл ретте әріптесіміз қазақ қыздарын батыр емес деген ойдан аулақ. Алда-жалда басқа алмағайып күн туса, талай Әлия мен Мәншүктер шығатынына да сенімді. Алайда…
«Әңгіме өз жеке басының бақыты үшін өзге ұлттың ұпайын түгендеуге бел буғандар туралы. Шетелге тұрақтап қалу үшін кететін қазақ жастары да «Осы жерді кімдерге тастап бара жатырмын?..» деп бір сәт толғанса ғой. Ел мен жерді қарусыз да қорғауға болады…» деп түйіндеді ол жазбасын.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.