$ 494.87  520.65  4.91

«Ресейдің басты мақсаты – Украинаны екіге бөлу» – УНИАН

Одан әрі агенттік Ресейдің Батыс және Шығыс Германия, Солтүстік және Оңтүстік Вьетнам, Солтүстік және Оңтүстік Корея прнициптері бойынша Украинаны екіге бөліп тастау жоспары бар деген хабар таратты.
turkystan.kz
turkystan.kz

УНИАН агенттігі Украинаның арнайы қызметінің мәліметтеріне сүйене отырып, Ресей әскерінің басты мақсаттарының бірі – арандату жолымен украин билігін басып алып, оларды Ресейдің шарттары негізіндегі келіссөзге қол қойдыру болып отырғанын хабарлады деп жазды turkystan.kz.

«Қазір Ресейдің жедел ой-жоспары 2 мың арнайы күштің көмегімен Киевтің екі әуежайының бірін басып алуға арналған. Одан кейін Киевке Ил-76 ұшағы арқылы жеңіл бронетехникалы 10 мыңға жуық десантшыны түсіреді. Десанттың мақсаты – Киевтің коммуникация жүйесін, әскерлердің басқару каналдарын жауып тастау, арсеналдарды басып алып, жарып жіберу, тұрғындар арасында үрейді барынша кең  тарату, астанадан топырлап қашатын босқындардың көп болуына жол ашу, әскерлер қозғалысын қиындату үшін магистальдарды жабу» деп жазды УНИАН.

Одан әрі агенттік Ресейдің Батыс және Шығыс Германия, Солтүстік және Оңтүстік Вьетнам, Солтүстік және Оңтүстік Корея прнициптері бойынша Украинаны екіге бөліп тастау жоспары бар деген хабар таратты. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары