$ 494.87  520.65  4.91

Қар және тұман. Демалыс күндеріне арналған ауа райы

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 26-28 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Болжамға сәйкес, қыстың соңғы күндерінде атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен, республика бойынша жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.

"Тек республиканың оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында 5 градус аяз...5 градус жылы, елдің солтүстік-батысында 3...15 градус аяз, солтүстігінде 5...20 градус аяз, шығысында және орталығында 3...18-ден 13...25 градус аязға дейін, оңтүстігінде 8 градус аяздан...5 градус жылыға, 5 градус аяздан...10 градус жылыға дейін", - делінген хабарламада.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары