26.02.2022, 09:30

Зеленский Киев билігі ешқайда қашып кетпегенін айтып видео түсірді (ВИДЕО)

Фото: ашық дереккөзден
Украина президенті әскерилер мен тұрғындар Киевтен ешқайда қашпайтынын айтты.

Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің орталығында мемлекет басшыларымен видео түсірді,  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеода Зеленскийдің қасында "Халық қызметшісі" фракциясының жетекшісі Давид Арахамия, президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, премьер-министр Денис Шмыгаль және президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк бар.

Украина президенті әскерилер мен тұрғындар Киевтен ешқайда қашпайтынын айтты.

"Біз осындамыз. Біз Киевтеміз. Біз Украинаны қорғаймыз", - деді Зеленский.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.