Таразда атыс болып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті.
"25 ақпанда сағат 22.30 шамасында "102" пультіне Абай даңғылында орналасқан "Discovery" дәмханасында белгісіз адамдар арасында атыс болғаны туралы хабарлама түсті. Екі адам ауруханаға жеткізілді", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына полицияның кезекші жасағы мен патрульдік полицейлер жіберілген. Атыс болған жерде қазір мән-жайды анықтау үшін жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.