Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің орталығында мемлекет басшыларымен видео түсірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Видеода Зеленскийдің қасында "Халық қызметшісі" фракциясының жетекшісі Давид Арахамия, президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, премьер-министр Денис Шмыгаль және президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк бар.
Украина президенті әскерилер мен тұрғындар Киевтен ешқайда қашпайтынын айтты.
"Біз осындамыз. Біз Киевтеміз. Біз Украинаны қорғаймыз", - деді Зеленский.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.