$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте антитеррорлық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтеді

Бүгін Шымкенттегі Қаратау ауданының аумағында «Шымкент – Антитеррор - 2016» антитеррорлық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтеді. Бұл туралы хабарлаған ОҚО ІІД баспасөз қызметі жергілікті тұрғындардан түсіністікпен қарауды сұрап отыр.

Оқу-жаттығудың мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысының терроризммен күреске бағытталған жедел штабтарының, олардың жедел топтарының және арнайы функционалдық міндеттерді орындайтын арнайы бөлімдерінің үйлесімділігін жетілдіру, тәжірибелік дағдыларын жоғарылату және ең өзекті терроризм актілерінің жолын кесу кезінде жағдайды бағалау болып табылады.

Антитеррорлық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы барысында ескерту жүйесінің элементтері, жинау, жеткізу күштері сынақтан өтеді және терроризм актісі орын алған жерге жедел штаб күштері мен құралдары тексерілетін болады.

Шымкент қаласының тұрғындарына өткізілетін оқу-жаттығу іс-шарасына түсіністікпен қарауды сұраймыз және келтірілген ыңғайсыздықтар бойынша кешірім сұраймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары