27.02.2022, 16:50

Алмаз Ержан «Қазақстан халқына» қорынан шығатынын мәлімдеді

Оның айтуынша, бұл шешімді қабылдауына ешкімнің ықпалы болмаған.

Қоғам белсендісі Алмаз Ержан «Қазақстан халқына» қоры кеңесі құрамынан шығатынын мәлімдеді.

 

– Себебі, мен үшін бұл пайдалы емес! Мен өзімнің тиімділігімді де сезбеймін. Мен біреудің миллиард ақшасына тегін жауапты болғым келмейді, – деді Алмаз Ержан.

Оның айтуынша, бұл шешімді қабылдауына ешкімнің ықпалы болмаған.

– Бірден айтайын, мені ешкім қуып жібермеді, ешкім үігіттемеді, қоңырау шалмады және т.б. Мен бұл шешімді 100% өзім қабылдадым. Қорға немесе қор мүшелеріне наразылығым немесе қандай да бір келіспеушілік жоқ, – деді ол.