$ 495.2  522.34  4.94

Зеленский Беларусь келіссөздерінен бас тартып, халықаралық легион құруда

Ресей делегациясы Беларуське Украинамен келіссөздер жүргізу үшін келді, ал Зеленский елді қорғау үшін халықаралық легион жинайтынын мәлімдеді.

Бүгін Беларусь Сыртқы істер министрлігі Украинамен келіссөздер жүргізуге дайын Ресей делегациясының Гомельге келгенін растады. Делегация құрамында Сыртқы істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің және басқа да ведомстволардың, соның ішінде президент әкімшілігінің өкілдері бар. Бірақ Беларусь аумағындағы келіссөздер өтпейтін сияқты. Себебі, Владимир Зеленский барлық ниет білдірушілерден, соның ішінде шетелдіктерден де халықаралық легион құрылғанын хабарлады.

 

Жаңа дивизия – Халықаралық легионға шетелдік еріктілер де кіреді.

— Ресей басқыншыларына қарсы тұруға және әлемдік қауіпсіздікті қорғауға қосылғысы келетін барлық шетелдіктерге Украина басшылығы біздің мемлекетке келіп, аумақтық қорғаныс күштерінің қатарына қосылуды ұсынады. Шетелдіктерден бөлек бөлімше – Украина аумақтық қорғанысының халықаралық легионы құрылуда, – деді Зеленский.

Зеленский бүгін конституциялық референдум өтіп жатқан беларусьтерге де арнау жасады.  Ол бүгінгі күн тәртібі мүлде басқаша екенін атап өтті.

— Біз сіздермен бірге  емеспіз. Өкінішке қарай, сіздердің территорияларыңыздан РФ Украинаға зымырандар ұшырды. Сіздің территорияңыздан атылған оқтардан біздің балаларымыз қырылып жатыр, үйлеріміз қирап жатыр, соңғы 10 жылда салынғанның бәрін жарып жібермекші. Мұның бәрі сіз үшін де саяси шындық (де-факто.ред), – деді.

Қазір Ресей тарабы Беларусьтегі келіссөздер үшін украиндықтарды күтіп отыр. Зеленскийдің айтуынша, РФ Беларусь арқылы  агрессивті әрекеттер жүргізуде.  Сондықтан Зеленский Беларусь аумағында келіссөздер жүргізуден бас тартты және Варшава немесе Баку болсын, кез келген басқа аумақта сөйлесуге дайын екенін айтты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары