$ 449.58  486.94  4.86

Атырау облысында екі ауданды су басты

Индер ауданы Индербор кентінің көшесінде еріген қар суы 30 см жетті.

Атырау облысының Индер және Қызылқоға аудандарын еріген қар суы басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, Индер және Қызылқоға аудандарында еріген қар суын сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«26 ақпан күні сағат 16.20-дан Индер ауданы Индербор кентінің көшесінде еріген қар 30 см жетті. Сондай-ақ Жарсуат ауылының көшелерін де су басып қалды. Су сору жұмыстарына ТЖД және аудандық әкімдік қызметкерлері жұмылдырылды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылының Қарабалин және Аққуов көшелерінде де 25-30 см болатын еріген қар суын арнайы су сору техникасымен ауыл сыртына шығару жұмыстары жүргізілді. Барлығы 280 м3 су сорылды.

Еске салсақ, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Биыл көктемде ауа райына байланысты 431 мыңнан астам адам тұратын 285 елдімекенде су басу қаупі бар екенін мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары